Сценарий акции "Дорога в школу

Сценка о добре и милосердии

«Мектепке жол» республикалық акциясы аяқталуына байланысты меценаттарға алғыс білдіру аудандық шараға шағын қойылымның сценариі.

Ойнайтын тұлғалар: оқушы, анасы, меценат.

Реквизиттер: сахнада  үстелдің үстінде кітап, дәптер, қалам жатыр, көрпе үстінде оқушының ескі портфелі жатыр,кеңсе керек-жарақтарымен оқушы портфелі.

Сахнада бала кітап оқып отыр, қасында анасы көйлекке түйме қадап отыр.

Оқушы кітапқа қарап оқып отыр:

- Кел, балалар, оқылық, 
Оқығанды көңілге 
Ықыласпен тоқылық. 
Оқысаңыз, балалар, 
Шамнан шырақ жағылар, 
Тілегенің алдыңнан 
Іздемей-ақ табылар.

Анасы: - Балам, сен дана Алтынсариннің ақылды сөздерін қайталап оқығаның өте жақсы! Жазда аяқталып келе жатыр, жаңа білім алуға да аз уақыт қалды. Жаңа оқу жылында жаңа пәндер қосылады.

Ойбай-ай, балам, саған биыл жаңа көп дәптерлер, қалам, қарындаш, күнделік керек болады.

Мына сөмкең әбден тозған екен, оқулықтарың да симайды ғой. Оның бәрін алуға қаражатымыз жетпейді. Не істесек екен?!

Оқушы: - Мама, егер менде сиқыр таяқша болса ғой! Керек нәрсені ойлап  таяқшаны көтеріп қалғанда – ойлағаным алдымда тұрар екен! Онда бәрі болып, мен мектепке көңілді барар едім!

Осы мезетте экранда «Мектепке жол» акциясының эмблемасы көрсетіледі. Ана мен бала экранға қарап таңғалады.

Сахнаға меценат шығады.

Меценат ана мен балаға қарап(оқушыға керек кеңсе керек-жарақтары толы портфелі қолында): - Сәлематсыз бе? Мына портфель саған, балам. Оқуда озат бол, денсаулығын мықты болсын, анаңа көмекші, қамқоршы бол. Туған еліңнің патриоты, мақтанышы бол!

Оқушы: - Ағай, Сізге көп-көп рахмет! Мама, қарашы қандай керемет әдемі дәптерлер, альбом, қарындаштар ішінде толы!

Анасы (меценатқа қарап): - Сіз өте адал адам екенсіз! Менің алғысым Сізге шексіз! Сіздің жүрегіңіздін жылуына мың да бір рахмет. Балам, қазақтың жақсы сөздері бар: «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің».

Оқушы: - Ағай, өскенде мен Сіз сияқты болғым келеді. Білім алып ер жеткенде мен мұқтаж адамдарға өз көмегімді беремін. Әр оқушыға мектепке жол ашық болуын тілеймін!

Меценат залға қарап айтады: - «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса, жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?!

Ана, бала, меценат (бірге): - «Мектепке жол» - қамқоршылық пен

жақсылықтың акциясы!!!