Мектептегі оқушылардың, ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және зерттеушіге жаднама

«Жас талант» оқушылардың  ғылыми қоғамын – өзінің  интеллектісін  дамытуға, ғылыми зерттеу әрекет  дағдыларын игеруге, өзінің  белгілі  бір  ғылым саласындағы  білімін жетілдіруге  талпынған  оқушы  жастардың  еркімен  құрылған шығармашылық  бірлестігі.

ОҒҚ мақсаттары  мен міндеттері:

Оқушыларда ғылыми  ізденушілікке  деген  қызығушылығын  қалыптастыру, шығармашылық қабілетін ашу, дамыту, ғылыми  зерттеу әдістерін үйрету, шығармашылық тұлға  қалыптастыру; Білім ұйымдарында оқушыларды тәрбиелеуде  олардың  жан – жақты  дамуын, еңбекке  шығармашылық  қатынасын, өмірлік , азаматтық  белсенді  позициясын  қалыптастыруға  және жоғары  адамгершілік сапалары  мен  рухани құндылықтарының дамуына  қарқынды  ықпал ету; Оқушыларға  кәсібін  таңдауда  кәсіби  бағдар беру.